Skip to Content

Дайындалыңыз: винтаж киімдерді қалай сатып алу керек

Жақсы винтаж киім табудан асқан ләззат бар ма? Ол табылғысы келетін қазына, бірақ оны табу оңай емес. Барқыт, баршын және жібектен жасалған әйелдер киімінің арасынан винтаж киім іздеп жүріп, «дұрыс бағытта жүрмін бе?» деп ойлануыңыз мүмкін.

Винтаж киімді қайдан табуға болады

Киім іздеудің ең оңай жолы – интернет. Винтаж киім сататын бутиктер ұсынған веб-сайттарды ақтарып шығу керек, ол жерден үздік дизайнерлерден, тәуелсіз брендтерден және қарапайым бірегей жауһарларды таба аласыз. Бірақ егер сіз винтаж және қайырымдылық дүкендерінен нағыз сәтті киімді тауып алғыңыз келетін болса, онда бір кеңес береміз: дайындалыңыз. Сізге қажет заттар қай ғасырға жататынын анықтаңыз; сізге ұнайтын образдармен танысыңыз. Сән журналдарын қарап, қазіргі уақытта қай винтаж заттар өзекті екенін біліп алыңыз. Себебі, свинг стиліндегі және 50-жылдардың жарқыраған кардигандарын сатып алудың қажеті қанша, егер қазір бәрі алпысыншы жылдардың стилінде киініп жүрсе.

Кейін орын таңдаңыз. Байырақ аудандарда орналасқан дүкендердегі киімдер қарапайым аудандардағы киімдерден қымбатырақ болады. Бірінш дүкеннен-ақ киім сатып алуға асықпаңыз, бәлкім бұдан да жақсы, арзан киімді басқа дүкеннен табарсыз.

Өз бетіңше жөндеу және дизайн жасауға қарапайым кеңестер

Өзіңізге ұнаған киімді тапқаннан кейін оны мұқият қарап шығыңыз. Кішкентай ақаулар киімді ерекшелендіріп тұруы мүмкін, бірақ үлкен дақтар немесе тесіктер емес. Етегін, тігісін мұқият қарап шығыңыз, сонымен қатар жыртылған немесе тесік жерлері жоқ па екен, тексеріңіз. Олдардың көбін үйде жөндеп алуға болады, бірақ егер матасы жұқарып немесе түктеніп кеткен болса ақшаңызды бекер құртасыз.

Жоғалған түймелерін, ілмектерін немесе сынған ілгегін ауыстыруға, ал сөгілген етегін жөндеуге болады. Егер киім тігуге икеміңіз болмаса, онда киімді ательеге неге апармасқа? Қалай болғанда да сіз жоғары сапалы киімді арзан бағаға сатып алып отырсыз, сондықтан, оған тағы ақша салу қажет болуы мүмкін. Нәтижесінде сізге рахат сыйлайтын тамаша киімге ие боласыз.

 Винтаж киімдерді сатып алу бойынша екі соңғы кеңес:

  •  Есіңізде болсын, арнайы іш киімдер әйел адамның пішінін мінсіз етуге көмектеседі. Әдемі көріну үшін осындай іш киімдер киіп көруді ұсынамыз.
  •  Егер сіз қандай да бір киімге ғашық болсаңыз, бірақ корсет немесе арнайы іш киім киюге дайын болмасаңыз, онда кәсіби мамандардан оны қайта түрлендіруді сұрап көріңіз.

Иіссіз үздік винтаж

Винтаж киімдерге тән нафталин және көктің иісінен қалай арылуға болады? Табиғи хошиістендіргіштер — бұл таза ауа және күн сәулесі. Бүріккіштің көмегімен киімге аз ғана ақ сірке суын шашыңыз. Сірке судағы қышқыл қышқылды-сілтілік тепе-теңдіктік қалпына келтіріп, иіске төтеп береді. Киімді ашық терезенің жанына іліп қойыңыз, сонда тез балғындығын қайтарады. Егер бұл көмектеспесе, оны арнайы құралдармен Perwoll Жүн және Жібек қолмен жуып көріңіз. Жумас бұрын матасына осы құралды құйып, әсерін тексеріп алыңыз.

Кейбір винтаж заттарда дақтар жылдар бойы сақталып тұруы мүмкін, және матаға сіңіп кеткені соншалық, кетіру өте қиын. Мысалы, қолтық төңірегіндегі дезодоранттан қалған дақ. Дақ кетіргіштер мұндай сіңіп қалған дақтарды кетіре алмауы мүмкін, бірақ кейде оны декоративті тігістермен, жамаулармен немесе басқа да әшекейлермен жасыруға болады.

Көгеруді кетіру өте қиын. Алайда лимон шырыны, сода немесе сірке суы қосылған суды көгерген айналаға сеуіп, таза ауаға немесе күнге кептіріп қойсаңыз болады. Ағырақ дақтарға арнайы құралдарды жағып, сіңген соң жуып жіберуге болады. Егер жағасы ескіріп кетсе немесе бозарған дақ болса жұмсақ тазартқыш құралды дақ түскен жерге жағыңыз да бірнеше минутқа қалдырыңыз, ал кейін мұқият жуыңыз.

Image credits:
Header image: Getty Images
Image of two people decorating  a shop-window: Getty Images
Close-up image of vintage bodice: Getty images

Винтаж киім – бұл әдемі әрі тамаша нұсқа. Perwoll қоршаған орта тұрақты болғанына атсалысамыз. Көбірек білгіңіз келе ме?

Қатысты мақалалар

  • Нәзік хош иісі бар ұқыпты кір жууға* арналған №1 гель

    Әр сәтте жайнап жүріңіз

  • Шопоголик болмау

    Сән әлемінің әрдайым өзгеріп отыратын трендтеріне қарсы тұру әдістері