Skip to Content

Көйлекке арналған идея: Кинцуги стилінде дақтарды әсемдеңіз

Баяу сәнге арналған идеялар видеосының төртінші бөлігінде біз Кинцуги стиліндегі тағы бір техниканы көрсетпекпіз. Бұл техника тіге алмайтындар үшін де, қолөнерден алыс адамдар үшін де қолжетімді. Кинцуги жапон өнері жайлы және оның негізі болатын ваби-саби философиясы жайлы толығырақ білу үшін мына мақалаларды оқыңыз. Біз онда Кинцуги стилінде жыртылған джинстерді жөндеуді үйреттік (ол үшін кішкене тіге алу керек). Серияның екінші бөлігінде Кинцуги көмегімен жүндегі тесікті жамауды айттық Үшінші эпизод Кинцуги рухында матадағы тесікті алтын жіппен, тікпей-ақ жөндеуге болатынын көрсеттік.

Енді бәрінен ең оңай нұсқаулық өзіңізге ұнайтын мерекелік көйлекті қалай сақтап қалуға болатынын көрсетеді, ол үшін тіпті тігудің де қажеті жоқ!

Тігусіз Кинцуги техникасын қолдану: дақ түскен көйлекті әсемдеу

You need to accept cookies to play this video

Сізге қажет заттар: 

  • дақ түскен көйлек (біздікіне кофе тамған).
  • термоклей әшекейлер;
  • үтік;
  • көйлекті жоғары температурадан қорғауға арналған төртбұрыш тегіс мақта мата.

Не істеу керек:

1. Дақтан да үлкенірек әшекейді таңдаңыз, бірақ ол дақты толығымен жауып тұрмауы тиіс. Біз жұлдыздарды таңдадық, гүл пішіндер де жарайды.

2. Үтікті термоклей әшекейлердің үстінен басыңыз. Бірақ ол дақты түгелімен жауып тұрмауы тиіс. Біз кемшіліктерді жасыруға тырыспайтынымызды ұмытпаңыз (бұл Кинцуги рухына сай емес).

Schritt 2: Eine Frau legt Aufbügel-Deko auf die Flecken auf ihrem Kleid, um ihr Outfit wie neu aussehen zu lassen

3. Жабыстыру үшін алдымен оң жағын, кейін сол жағын үтіктеңіз. Үтік көйлекті, ал әшекей үтікті бүлдіріп алмас үшін төртбұрын мақта мата қолданыңыз.

4. Енді мақтанышпен кие берсеңіз болады!

Schritt 3: Eine Frau bügelt die Deko auf, um ihr Slow-Fashion-Projekjt abzuschließen

Кинцуги әдісі бойынша дақтарды әсемдеуге басқа да идеялар

Әрине, жоғарыда көрсетілген әдіс дақ түскен көйлекті әдемі өнер туындысына айналдыратын Кинцуги ұсынатын жалғыз техникасы емес. Біз сіздерге тағы бірнеше балама ұсынамыз, бірақ кейбірінде тіге алу маңызды.

  • Кішігірім дақтарға, мысалы, біздегі көйлектегі кофе дағына бөлек жапырақтарды үтікпен жабыстыруға болады. Оны дақты айналдыра жабыстырып, гүлдің ортасын келтіруге болады.
  • Егер сурет сала алсаңыз, дақтың айналасына өрнек салуыңызға болады. Бәлкім дақ сіздің қиялыңызға ерік беріп, басқа суреттер салуға шабыттандырар.
  • Одан да үлкен дақтар омбре әсерін тудыруға негіз бола алады.
  •  Даққа сұйылтылған мата бояуларын дақтың мөлшері мен пішінін қайталайтын немесе түсіне сәйкес келетін қабаттармен жағыңыз. Неғұрлым көбірек жақсаңыз, соғұрлым жақсы!

Қатысты мақалалар

  • Қара түсті және матаны қалпына келтіру әсері

    Қара киіміңіздің жарқырауын сақтаңыз және оларды өңсізденуден сақтаңыз.