Skip to Content

Шопоголик болмау - жаңа киімдерге құмарлықтан арылу

Гардеробыңыздағы киімдер қаншалықты ыңғайлы әрі үйреншікті болғанына қарамастан, уақыт өте келе өзгеріп отыратын сән сізді жоспарсыз сатып алуларға итермелейді. Біз осы құмарлықты қалай жеңуге болатынын және қолыңызда бар ескі киімдер мен винтаж жауһарларын қалай жаңартуға болатынын айтамыз.

Ескі киімдеріңізді естен шығармаңыз

Жылдам сәнге өзінен кейін қанағаттанбаушылық пен өкініш сезімін тудыратын уақытша интрига ретінде қараңыз. Сүйікті киімдеріңізге толы шкафқа оралғанда дәл осыны ұғынасыз. Апаңыз тоқып берген жайлы жүн кардиганды, мінсіз сапалы джинстеріңізді немесе сізбен бірге саяхаттап келген мақта көйлегіңізді айырбастаудың не қажеті бар?

Жаңа және сәнді бір бұйымды көргенде киімдердің құндылығын ұмытып кете салу оңай. Бұл жарқ-жұрқ еткен кешкі көйлек болуы мүмкін немесе поп-мәдениет рухындағы көңілді жазбасы бар футболка болуы мүмкін.

Ал енді ескі киіміңізді осы жаңаға айырбастап жатқаныңызды елестетіңіз. New York Times бестселлері авторы Мари Кондоша айтсақ, бұл заттар сізде «қуаныш отын жақпайды» және уақыт өте келе бұл бір сәттік сәнмен құмарлық болғанын ұғынасыз.

Винтаж киімдеріңіздің дизайнын жаңартыңыз

Шындығында ескі киімдеріңіз бен сіздің араңызда белгілі бір байланыс бар. Сіздердің ортақ өткен шақтарыңыз түрлі естеліктерге толы. Киімдеріңізбен қандай заттар мен аксессуарлар үйлесетінін білесіз. Ал, егер үйреншікті киімдеріңізді сәл түрлендірсеңіз қалай болады?

  • Гардеробыңыздағы әр киіммен кездесу ұйымдастырыңыз, әсіресе көптен киілмеген киіміңізге басымдық беріңіз. Киіп алып, далада серуендеңіз.
  • Ал егер бұл киімді жаңарту қажет деп есептесеңіз, онда оның дизайнымен, жөндеумен немесе оны жетілдірумен айналысыңыз. Ескі серігіңіз жаңарған күйде сізге оралғанда сіз оған қайта ғашық боласыз.

Арбауға төтеп беріңіз

Шындыққа тіке қарайық: бізге жаңа киім сыйлайтын ерекше сезім маңызды. Дүкендерді кейде сол үшін аралаймыз. Шопинг-терапия деген атау оған бекер берілмеген. Жылдам сәнге құмарлықты мына стратегиялық әдіс-тәсілдер арқылы жеңіңіз.

  1. Киімге емес, әсерге шығынданыңыз 
    Еңбекпен келген ақшаны жаңалығы кеткенде шкафта шаң басып жататын киімдерге жұмсағанша, естеліктерге салыңыз, себебі олар сізбен өмірбақи бірге болады. Жаңа көйлектен бас тартыңыз, сонда сіз, бәлкім, кулинария курсынан өтесіз, тауға шығасыз немесе сүйікті әншіңіздің концертіне барарсыз. Азғыруларға төтеп беріңіз, ал киімнен үнемделген ақшаны саяхатқа жұмсай аласыз. Қосымша бонус: жаңа қызығушылықтарыңыз шопингке бос уақыт қалдырмайды, демек, жылдам сәннің арзан қызықтары сирек азғыратын болады.
  2. Сараң бола тұрыңыз
    Шопингке келгенде сараң адам болыңыз. Одан да жақсысы, өзіңізбен бірге кредиттік карта немесе қомақты ақша алып жүрмеңіз. Сонда ессіз сауда жасау мүмкіндігінен айрыласыз.
  3. Винтаж жаңа киімнен жақсы
    Жаңа киімге ие болу сезімін тудыру үшін міндетті түрде жаңа киім сатып алудың қажеті жоқ. Сіз үшін жаңа болып есептелетін киім де қалаулы нәтижеге жеткізе алады. Оны іздеудің өзі көбірек рахат сыйлайтын болар. Үздік винтаж бутиктер, ескі-құсқы киімдер базары мен қайырымдылық дүкендері жауһарларға толы.

Ескі киімдеріңізге қамқор болыңыз

Әрине, егер сіз қолыңызда бар киіммен ұзақ әрі бақытты өмір сүруді жоспарласаңыз, оның түр-түсі де барынша ұзақ уақыт әдемі көрінгенін қалайсыз. 

  • Нәзік маталарды қолмен жуыңыз.
  • Жазғы уақытта қыстық киімдерді қараңғы құрғақ жерде сақтаңыз. 
  • Киілген киімдердің талшықтарын Perwoll өнімдерімен жуу арқылы қайта қалпына келтіріңіз.

Image credits:
Header image: Stocksy
Image of woman wearing a polka-dot dress: Getty Images
Image of woman shopping in a flea market: Getty Images

Қатысты мақалалар

  • Perwoll Жүн және Жібек

    Жүннен және жібектен тұратын нәзік маталарға көрсетілетін таңғаларлық күтімді сезіңіз

  • Тест: "Қалдырамыз ба, тастаймыз ба?"

    Қоқыс па, жоқ па - міне, мәселе. Жауабын білуге дайынсыз ба?

  • Стиль үш қадамда

    Өзіңіздің ерекше және қайталанбас стиліңізді табуға көмектесетін кеңестер