Skip to Content

Жылдам сән джинстері: сәнқойлар таңдауы

Бір қарағанда сіздің джинс топтамаңыз Liz Taylor немесе A320-ның топтамаларымен еш қабыспайтындай көрінеді, бірақ сіз қателесесіз. Барлық үш коллекция саяхаттар мен экспедициялармен мақтана алады. Джинстеріңіз қанша елді көрді екен, қызық. Әрі қарай оқыңыз.

Алғысөз: қашықтық пен жылдам сән - тым күрделі

Табиғаты бойынша жылдам сән біршама маниакалды. Аз уақыт ішінде арзан бағаға сәнді бұйым жасап шығару үшін және дедлайнға үлгеру үшін әрдайым асығып жүреді. Бұл жылдамдықтың кері әсері — материалдардың шыққан жері сияқты кейбір маңызды бөлшектерге назар аударылмауы мүмкін. Шын мәнінде, джинс өндірісінде қолданылатын мақта орамдары фабрикаға түскенге дейін қанша елді аралап шыққанын анықтау қиынға соғады. Себебі әртүрлі елдердің бірнеше фермаларынан шыққан мақталар джинс маталарын өндірудің бірінші кезеңіне дейін араласып үлгереді.

Бір қызығы, өндірісте пайдаланылатын басқа да элементтер әлем бойынша жинақталады: эластан, синтетикалық бояғыштар, тойтармалар, түймелер мен ілмектер. Нәтижесінде, бутикке келген уақытында қарапайым джинс қанша уақыт саяхаттап келгенін айтпағанда, қайдан келгенін де айту қиын болады.

Джинстер бойынша статистика

Өндірістік процесінің күрделілігіне байланысты, жүріп өткен қашықтықты анықтау қиын. Дегенмен, бірнеше сан бір жұп сәнді джинстың өз өмір циклында қанша елді саяхаттап келетінін есептеуге көмектеседі.

Ein Paar Fast-Fashion-Jeans, das im Laufe der Produktion wahrscheinlich bis zu 60.000 Kilometer weit gereist ist

Джинс маталар мен джинстерді өндіру

14 мың километрден бастайық (1). Фермадағы бір мақта қауызынан бастап, джинс өндірісі процесі мен бутикке жеткендегі қашықтықты алсақ, жылдам сәннің бір жұп джинсасы осындай қашықтықты бастан кешіреді. Мұндай қашықтықты орташа еуропалық бір жыл ішінде жүріп өтетінін ескерсек, бұл толық картина емес.

Джинс өндірісі туралы көбірек ақпарат

Егер джинс өндірісіне қатысатын барлық фермадағы мақталарды есептейтін болсақ, бұл сан екі еселенуі мүмкін. Германиядан келетін (2) индиго синтетикалық бояғышын қоссақ, онда қашықтық кем дегенде 4 000 километрге ұлғаяды. Кез келген созылмалы джинс матасын өндіру үшін, оның ішінде сіздің сүйікті жабысып тұратын джинстеріңізді өндіру үшін эластан қажет, ал мұны Бразилия өндіретіндіктен тағы 18 000 километр қашықтық қосылады.

Жылдам сән бөлшектері

Мыс түймелер, тойтармалар, ілмектер, мақта жіптер мен қалта салуға қосымша маталар — мұның бәрі әлемнің түкпір-түкпірінен жинақталады. Және соңғы бөлшек ретінде Түркиядан келетін (2) пемза қажет. Яғни, бір жұп джинс шалбар жасауға 15 ел қатысуы мүмкін және әр қосымша сайын бұл сан да ұлғайып отырады (3). Нақты анықтау қиын, бірақ шамамен джинстар 60 000 километр жол жүреді — это еуропалық реактивті ұшақтар үздіксіз бір апта бойы ұшқан кезде ғана осы қашықтықты жүріп өтеді.

Жылдам сән джинстері көп қолдан өтеді

Eine Frau näht ein Paar Jeans, die im Laufe der Produktion durch tausende Hände gehen

Әлем бойынша түрлі көліктермен саяхат жасап жүргеннен өзге, сіздің джинстеріңіз көп қолдан өтеді. Джинс өндірісі көбіне қол еңбегін қамтитындықтан джинстеріңіз өмір бойында көптеген адамдармен байланысады. Фермерлерден жүргізушілерге дейін, фабрика мен зауыттар жұмысшыларынан жүк қызметкерлері мен бастықтарға дейін. Тіпті ең қарапайым есеп бойынша сіздің джинс жұбыңызға 2000-нан астам адамның қолы тиген. Ал жыл сайын әлем бойынша 1,2 миллиард жұп джинс сатылады (5). Бұл назарға алуды қажет ететін тек кейбір фактілер ғана.

Ойландыратын джинстер

Джинстер жүріп өтетін барлық жұмыстан кейін жылдам сәннің көптеген джинстері еуропалық гардеробта екі жылға де шыдамайды. Ал сіз осы мақаланы оқып отырғанда 300 000 килограммнан астам мата Еуропа бойынша қоқыстарға тасталды (6). Міне, сондықтан тұрақты сән маңызды және сол себепті #Сәндіқайтаойластыр керек #RethinkFashion.

Қатысты мақалалар

  • Кинцуги өнері

    Ежелгі жапон философиясын қолданып джинстерді қалай жөндеуге болады

  • Баяу сән мен әділ сауда

    Саналы таңдау мен маркетингтік шу

  • Кинцуги стилінде дақтарды әсемдеңіз

    Ежелгі жапон философиясын пайдаланып дақ түскен көйлекті қалай әсемдеу керек