Сән эволюциясы: гардеробтың үш бұйымы қалай өзгерді

Жаңа буын ескі-құсқының әсемдігін қайта ашып, заманауи өмірге нақышын келтіріп жатқандығында тұрған ештеңе жоқ. Аға буынның қателіктерін қайталаудың қажеті қанша деген ой келуі мүмкін. Олар не киген еді: барқыт джинстер, джинс шалбар мен күртеше, платформалы крассовкалар мен үрленген неон күртешелер. Бірақ уақыт шеңбері сән трендтерінің қайталануына әкеледі. Сондықтан дизайнерлер 2019 жылы кезекті рет ретро сән стилінде коллекция ұсынды.

Баяу сән трендтердің қайтып оралуын қуана қолдайды. Ақыр соңында, жаңа заманауи әлемде ескі киімге жаңа өмір беруден асқан пайдалы дүние жоқ. Бұл оқиға қайта жарқырау үшін сахнаға қайта оралған сәнді киімдер жайында.

Клеш джинстер: ретродан танымал жарқын үлгілерге дейін

Бұрыңғы джинстер
Клеш-джинстер Джейн Биркинге 1960-шы жылдары жарасты, Фэрре Фоссеттің үстінде 1970-ші жылдары тартымды көрінді және 1990-шы жылдары оны Кейт Мосс қайта жандандырды. Фестивальдердің лас алаңдарында секірген кез-келген адам (Вудстокта асыр салғандарға сәлем!) немесе серуенде шалбарының етегіне сүрініп қалатындар біледі -  клеш джинстер аса төзімді емес.

Қазіргі джинстер
Бірақ бұл сәнқойларды ешқашан тоқтатқан емес, сондықтан клеш джинстер қайта оралды. Тарылған, бойфрендтер мен жоғары көтеріліп тұратын джинстердің жылдар бойғы сайранынан кейін бөксеге жабысып тұратын кеңейтілген джинстер тартымды көрінеді. Мұнымен Джиджи Хадид, Виктория Бекхэм және Ким Кардашьян келіседі. Винтажды джинстер жұбын таба алсаңыз, өзіңізді бақытты санай беріңіз.  Аяқтарыңызды ұзартып, бөксеңізді көтеру үшін, оларды жабысқан топпен, биік өкшемен немесе платформамен киіңіз.

Велосипедкалар - спорттық-күнделікті сән тренді

Сол кездегі велосипедкалар
Сән тарихында велосипед шортылар аса танымалдылыққа ие емес. Қысқаша айтқанда (қазір каламбур болады), велосипедкалар «спорттық киім» деген термин пайда болғанға дейін спорттық киім саналған. Онжылдықтардан кейін олар ретросәннің трендіне айналатынын кім білген. 1970 жылдары лайкраның жаңа формасы инновация ретінде кәсіби велосипед командаларына ұсынылды, ал әуесқойларға тек 1980 жылдары жетті. 1990 жылдары сәнқойлар осы жаңа созылмалы және жалтыраған матаны кең қолданысқа енгізді. Өкінішке қарай, сол кездері велосипед шортылары жылдам сән тізімінің бір бөлігіне ғана айналды. 

Қазіргі велосипедкалар
Saint Laurent, Stella McCartney, Alexander Wang және Chanel сияқты сән үйлері велосипедкалардың подиумда қайта жарқырауға мүмкіндік беретін уақыт туды деп есептейді. Танымал тұлғалар мен блогерлер қысқа, жабысқан шортылармен мінсіз аяқтарын көрсету мүмкіндігін қалт жібермеуге дайын. Осы ретро сән бағытына еніп кетуге көмектесетін мына негізгі үш образға назар аударыңыз. Велосипедкаларды офиске жейдемен және пиджакпен киіңіз (белдікпен немесе белдіксіз). Клубқа барғанда оны өте қысқа көйлекпен үйлестіріңіз, ал демалыстардағы түскі асқа джинс күртешемен және ескі сәнді топтың бейнесі суреттелген футболкамен киіңіз. Образыңызды 90-жылдардағы аксессуарлармен толықтырыңыз: шашқа арналған мата резеңкемен, белге байланатын сөмкемен (бананка) және ботильон-нәскимен.

Кроп-топ: баяу сән стилінде тамаша прессті көрсететін мүмкіндік

Сол кездегі кроп-топтар:
1960 жылдардан денені ашуға мүмкіндік пайда болғалы бері топтар біресе танымалдылыққа ие болып, біресе сәннен қалып отырды. 1990 жылдар белді ашып жүрудің алтын ғасыры еді. Бритни Спирс сияқты жасөспірім жұлдыздар мінсіз фигураларын көрсетіп, образдарын бимен толықтырды. 

Қазіргі кроп-топтар:
Қазір топтардың айырмашылығы неде? Бодипозитив кез келген пішіндегі әйелдерге қысқа топтар киюге мүмкіндік берді. Бұл танымал топ баяу сән гардеробыңызда міндетті түрде болуы керек.

Image credits:
Header image: Nabile Quenum/Blaublut-Edition.com
Image of woman walking across the street in flared jeans:Alexandra Chaulaud/Blaublut-Edition.com
Image of woman in black bike shorts holding red bag: TheUrbanspotter/Blaublut-Edition.com
Image of woman in blue tied crop top: Frenchy Style/Blaublut-Edition.com

Сәнді трендтер трансформацияны жалғыз бастан кешіп жатқан жоқ. Барынша экологиялық болу үшін Perwoll да дамып жатыр. Біздің саяхатымызды көру үшін мына жаққа кіріңіз

Қатысты мақалалар

  • Біреулерге бұл қоқыс, ал басқаларға...

    Біреулерге бұл қоқыс, ал басқаларға...