Skip to Content

Тамаша идеялар: біреулерге бұл қоқыс, ал басқаларға...

Мынадай көріністі елестетіңізші: модель подиумда ыдыс жууға арналған бос бөтелкелермен және жұмыртқаларға арналған контейнерлерді иығына іліп кетіп бара жатыр. Белдемше бұрын душқа арналған перде, ал сандалий велосипед шиналары болған. Модель қоқыс жәшігін ақтарған ба? Жоқ, ол дизайнердің әуесқойлығын — қайта өңделген киім жасау қиялын іске асырды.

Екінші шикізаттан жасалған әшекейлер, киім және аксессуарлар бүгінде жаңалық емес. Бұл идеяны тұрақты дамуды насихаттап жүрген түрлі брендтер іске асыруда. Қоқыс сәні эксперимент дәрежесінен мейнстримге қалай өткенін көрейік.

Хламода: екінші қайтара пайдалану идеясы қалай туындады

"Trashion" сөзі, орысша нұсқада — Хламода алғаш рет шамамен 2000 жылдар басында пайда болды және кім ойлап тапқаны белгісіз. 2004 жылдың соңында бұл қозғалыс Нью-Йоркте өте танымал болды.  Манхэттеннің төменгі шығыс бөлігінде жасырын кештер өтетін, онда қоқыстан табылған экзотикалық материалдардан жасалған бұйымдар трендте болатын. 

Тұжырымдама 2008 жылы америкалық "Подиум жобасы" реалити-шоуында көрсетілгенде, ол өзіне жаңа аудиторияны ашты. Жобаға қатысушылар өңделген материалдардан киім ойлап табуы керек болды. Ал материал ретінде автобөлшектер ұсынылды. Нәтижелер таң қалдырды — қауіпсіздік белдіктерінен, винилді қаптамадан, резеңке кілемшелер және басқа да бөлшектерден пальто мен көйлектер жасалды. Мұндай киімдерді кір жуғыш машинаға лақтыра салмайсыз. Енді бұл екінші қайтара пайдалану деп аталады!

Ескіден жаңа: киім мен хламода 2.0

Қоқыс пен автобөлшектер арасындағы байланыс дамып келеді. Дизайнерлерге белдемше жасау үшін күл-қоқыс, тот баспайтын бөлшектер жинап жүрудің қажеті жоқ. Енді оларды автомобиль өнеркәсібіне арналған қайта өңделген заманауи  материалдардан ультра сәнді образдар жасауға шақырады.

Ford Motor Company мен Redress тұрақты дамуға бағытталған сәнді қайырымдылық ұйымы арасындағы 2015 және 2016 жылдардағы серіктестік осыған мысал бола алады: Ford Design Challenge. Екі жыл бойы олар Гонконгтағы сән апталығына киімдерді қайта өңделген материалдан тігу үшін әр елден он дизайнерді шақырды. 

Мата өңделген пластикалық бөтелкелер мен тоқыма қалдықтарынан жасалған. Дизайнерлер бастапқыда материал тым қатты немесе ауыр болады деп қауіптенсе де, мата әмбебаптығымен ерекшеленді. Ол өнімнің түсі мен текстурасының тереңдігін ашады. Жеңімпаз дизайнер жергілікті сәулет өнерінен шабыттанған. Оның сұр және мыс реңктегі асимметриялық көйлектері гонконгтық Виктория шыңы жер асты өткелін еске салды.

Балық аулайтын аудан суға түсу киіміне дейін

Хламода — бұл мейнстрим, қайта өңделген немесе тасталған материалдар жаңа киімге айнала отырып, өміршеңдігі артады. Бұл жарнама немесе маркетингтік қадам емес, бұл клиенттермен үндесе отырып, қоршаған ортаға қамқорлық жасайтын брендтер.

Киім желілерінде қайта өңделген материалдар жиі пайдаланылады: Volcom балық аулайтын аулардан суға түсу киімдерін тігеді, ал G-Star RAW мұхиттың пластмасса қалдықтарынан джинс тігеді. Қоқыс сәні аксессуарларды да қамтыды: сөмкелер, әмияндар және өңделген резеңкеден, қауіпсіздік белдіктері мен винилден жасалған белдіктер. Бұл нарықтың көшбасшысы — Freitag компаниясы.

Жоғарыда аталған заттар қарапайым бикини, джинс күртесі немесе сөмкеден еш кем емес. Керісінше, табиғатқа қамқорлықпен жасалған сапалы материалдар жағажайда да, көшеде де тамаша көрінеді. 

Өңделген қоқыстардан барлық киімді жасауға болады. Табиғатты қорғау арқылы сіз сәнді көрінетін боласыз.

Image credits:
Header image: Getty Images
Image of model wearing black on runway: Getty Images
Image of woman holding fishing net: Getty Images

Біз, Perwoll-дегілер, бейбірекеттікті шығармашылықпен шешетін адамдарды жақсы көреміз. Біз де экологиялық қозғалысты қолдаймыз. Егер сіздерге қызық болса мына жерден толығырақ оқи аласыз.

Қатысты мақалалар