Skip to Content

Blackyoto - маусымның қара хиті

Қарадан асқан қошқыл түс жоқ. Қара түс сәнге қайта оралды, бірақ бұл бұрыңғы қарадан өзгеше. Қара түс – тамаша. Бұл қаралы күннің түсі, кербездіктің және сән әлемінің ресми емес символы. Blackyoto мюнхендік компаниясы әділ сән принциптерін ұстанады және осы түске деген құрметін көрсетпекші.

Киімге және қоршаған ортаға деген қамқорлықпен жасалған қара бояу

Blackyoto киімдері қара түсті және осы жерден олардың ұқсастықтары аяқталады. Бренд идеясы қарапайым, бірақ киімдердің әр коллекциясы ерекше. Жібек көйлектер, кашемир свитерлер, әскери күртешелер немесе кестелі кимоно киімдер жасауға негіз бола алады. Оларды әлем бойынша ескі-құсқы киімдер сататын базарлардан табады. Бұл заттар өсімдік негізінде бояғыштармен жұмыс істеуге маманданған Киотодағы екі дәстүрлі бояу шеберханаларының біріне жіберіледі. Мұндай технология киімдерге арнайы жабдықталған, қоршаған ортаға зиян келтірмейді және қап-қара түске бояп береді.

Дәстүрлі жолмен винтаж қазыналарына жаңа өмір сыйлау

Джереми Макалпайн Жапонияға сапары кезінде бояудың жаңа процесін біліп, Blackyoto брендін қалыптастырғанға дейін сән бизнесінде он жылдан астам кәсіптеніп жүрген. Киотода кимононы қап-қара түске бояудың ерекше дәстүрі Джеремидің қиялына ерік берді. Бренд әрқайсы 100 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан Киотодағы екі бояу шеберханасымен серіктестік орнатады. «Олардың дәстүрі — олардың істеп жатқандарының маңызды бөлігі, сәйкесінше біздің де істеп жатқанымыз сондай».

Магияның бір бөлігі іздеу процесіне негізделген. Макалпайн мен оның командасы қателіктер мен сынақтардың арқасында винтаж бұйымдардың қайсы бояуға төзімді келетінін анықтаған. Зерттеулердің бірінші кезеңінен кейін және бояуға түрлі киімдерді жіберіп көргеннен кейін қара түс негізінде күрделі түс екенін байқайды. 

Макалпайн мақта мата, жібек пен жүн көп жағдайда қара реңкті әрқилы алатынын байқаған: мақта мата қою көк түске боялады, ал жібек сәл қызылдау болады. Органикалық бояғыш тек табиғи талшықтармен жұмыс істейді, сондықтан матада синтетика болса ол бояуды алмауы мүмкін. Олар өз серіктестерін ең үздік винтаж кимоноларды бояуға үгіттейді. Алтын кестелер бояғышты қабылдамайды, және осындай ерекше факторлардың арқасында әр зат шынымен бірегей затқа айналды.

Қара бояу мен әділ сән

Blackyoto киімдерін бояудың нақты технологиясы құпия, бірақ Джереми Макалпайн оның негіздерін сипаттап берген. Бірінші қадам: ерітіндіні 95° C температурада қайнатады, бұл бояудың талшыққа терең сіңуіне көмектеседі. Екінші қадам: температураны төмендету арқылы қара түсті қанық етеміз. "Синкуро" технологиясы қара түсті күңгірт әрі қап-қара етеді.  Макалпайнның айтуынша, "бұл процесс матаны жұмсартады, ал негізінде қара бояу матаны қатты етуі керек болған. Химиялық қара бояу жағымсыз, бірақ Киотодағы біздің серіктестеріміз пайдаланатын дәстүрлі жапон тәсілі матаны бір мезгілде қап-қара, әрі нәзік етеді.

Қара түстерді қалай жуу керек

Blackyoto - бірнеше себептер бойынша әділ сәннің үлгілі бренді. Ең басты еңбегі - ол сүйікті бұйымдарға жаңа өмір сыйлайды. Винтаж заттарды қара түске бояу қанып қалған дақтарды жасыруға және бастапқы түстің жоғалуын бүркеуге көмектеседі, бұл ескірген заттарды қазіргі сәнді заттарға айналдыруға көмектеседі. Мұндай бояу процесі өнеркәсіптік химиялық бояғыштарды пайдаланғаннан әлдеқайда экологиялық. Сонымен қатар, Blackyoto тамаша нәтижеге жетіп отыр. Сіз сондай-ақ "Қара түске арналған Perwoll" құралымен жуу арқылы, жылу көздерінен және күн сәулесінен алшақ, ауада кептіру арқылы қара киімдердің өміршеңдігін ұзарта аласыз. Сапалы және жақсы боялған киіміңіз болса, ешқашан не киемін деп бас қатырмайсыз..

Image credits:
Header image: Getty Images
Image of woman wearing black on runway: Getty Images
Image of hands covered in black dye: Getty Images

Қатысты мақалалар

  • Қара түсті және матаны қалпына келтіру әсері

    Қара киіміңіздің жарқырауын сақтаңыз және оларды өңсізденуден сақтаңыз.

  • Баяу сән өкілдері: Кейт Флетчер

    Қозғалыс атауын ойлап тапқан әйелді таныстырамыз