Баяу сән өкілдері: Кейт Флетчер

Сәннің баяу қозғалысы туралы әңгімелегенде сән әлемінің басты ойыншылары мен соңғы тұтынушылар барынша әділетті, барынша тұрақты сән индустриясын қамтамасыз ету үшін нақты қандай үлес қоса алатыны жайлы пікірталасқа түсеміз. Бірақ біз бәрін дұрыс түсінбеген болсақ ше? Ең радикалды экобелсенділердің өзі органикалық ағаштардың артынан сән орманын көрмей жүрген болса ше? Кейт Флетчер дәл осылай ойлайды, ал осы баяу сән қозғалысын ойлап тапқан әйел солай деп жатқанда оған құлақ түрген абзал.

Баяулау – бұл баяу сәннің анықтамасы емес

Лондондағы өнер университеті жанындағы Тұрақты сән орталығының тұрақты даму, дизайн және сән профессоры зерттеуші, жазушы және баяу сән мәселелері бойынша дәріскер ретінде белгілі. Одан да маңыздысы, ол дизайнерлік сөздіктің бір бөлігіне айналған осы терминді қолданысқа енгізгендердің тұңғышы. Ол жылдам сәнге қарсы баяу сәнді ойлап тапты, жылдамдықты «заманауи тоқыма және тігін өнеркәсібінің анықтайтын сипаттама» деп атады.

Дегенмен, Флетчер жылдам сәннің кең таралған мәселелерін «техникалық» деп есептейді. Ал органикалық талшыққа көшу, әділ төлем және еңбек жағдайының жалпы жақсаруы - бұл қадамдардың барлығы баяу сәнге анықтама бола алмайды. Кейт үшін баяу сән әлдеқайда көп дүниені қамтиды. Жоғары сапалы киімдерді қызметкерлер үшін әділ жағдайда аз мөлшерде өндіру идеясы оның философиясының негізінде жатыр, бірақ соңғы мақсаты ол емес. Егер біз әділ, органикалық және тұрақты сән шеңберінде көп мөлшерде киім сатып алуды жалғастыра беретін болсақ, нақты мәселе шешілмейді. Оны шын мәнінде шешу үшін біз киіп жүрген киімдерімізбен өз қарым-қатынасымызды қайта қарастыруымыз қажет.

Тұтынушылықтың сыртында: баяу сән өзгерістері

Бұл қозғалыстың бастаушы киімдер мен оны өндіруді ғана емес, адамдардың өз киімдерімен қарым-қатынасы жақсарса деген идеяны көбірек насихаттағысы келеді. Егер сәнге көзқарасымызды өзгертсек, киімдерді пайдаланудың барлық тәсілдерін көрсек, бейімдесек, өзгертсек, күтіп кисек, біз жай ғана тұтынушы деңгейінен әлдеқайда өсер едік. Көзқарас өзгерсе брендтер мен дизайнерлер ұсынатын трендтер мен стильдердің пассивті тұтынушысы болудан арыламыз. Есесіне баяу пайдалануымыз өзекті болып, даралыққа ие болады, себебі киімнің әр бұйымын өзіміз ойлап табамыз әрі оны ұзағырақ киеміз. 

Академиялық, әрі публикациялық мақалалардан өзге Кейт Флетчер баяу сән теориясы іс жүзінде қалай жүзеге асуы керек екенін көрсетіп жүреді. Матильда Тэммен олар Lifetimes зерттеуін жүргізді. Зерттеуде әйелдерден сән бойынша күнделік жүргізіп, оған сүйікті және ешқашан кимейтін заттарды анықтап жазуды, сондай-ақ кір жууда қандай рәсімдер жасайтындарын жазуды сұраған. Алынған мәліметтер оларға жылдам және баяу киімге қатысты болашақ сценарийлер әзірлеуге көмектесті, онда киім таңдауға, киюге және оны күтуге ерекше көңіл бөлінеді.

Біз бәріміз киімдеріміздің өміріндегі өз рөлімізді қайта қарауымыз қажет. Киімдерімізді қалай киеміз және олардың өмірін ұзарту үшін не істей аламыз? Кейт Флетчердің айтуынша, бұл нағыз баяу сәнге алғашқы қадам.

Қатысты мақалалар

  • Баяу сәннің дамуы

    Баяу сән дамуының қызықты тарихы

  • Баяу сәнге қалай ілесуге болады

    Баяу сән қозғалысын түсінуге көмектесетін сіздің мейірімді гидіңіз

  • Даниэла Салазармен 5 минус

    Модельер баяу және саналы сән туралы айтады